Мейрамбек пен Тоқтардың даусын айнытпай салған жігіт желіні шулатты

Бұл туралы Stan.kz жазады.

Олардың қазақтың ән өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегін халық біледі, мойындайды, бағалайды. Қаншама жас екеуіне еліктеп, бой түзеп келеді. Көзін жұма отырып тыңдаған күннің өзінде, қазақ өнерінен хабары бар кез келген адам Мейрамбектің де, Тоқтардың да даусын тани алады. Олардың қайталанбас даусын, қоңыр үнін салу мүмкін еместей.


Әйткенмен өнер майталмандарына пародия жасаған мына бір жігіт жұртты таңқалдырды. Ол Мейрамбек пен Тоқтар жас кездерінде шырқаған «Жан ана» әнін қос әншінің даусына салып орындап шықты. Желі қолданушылары жас дарынның талантты екенін айтып, алғысын жаудырды.