"Мейрамбектің ұйқысын, Кенжебектың шашын берсін": Алтынбек Қоразбаевтың батаны мазақ қылғаны елге жақпай қалды (ВИДЕО)

Алтынбек Қоразбаев ауызашарда "заманауи" бата берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер адамдарының кезекті отырысында, ауызашарда жиналған қауымға Алтынбек Қоразбаев бата берді. Отырыста Мақпал Жүнісова және бірнеше өнер адамдары барын аңғаруға болады. 

"Кенжебектің шашын берсін,

Мұқасанның қасын берсін.

Диета кз-тің көлемін,

Марал Әмірбектің өлеңін берсін.

Мақпалдың күлкісін,

Мейрамбектің ұйқысын берсін.

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Қазағымыз аман болсын.

Мақпалымыздың өнері тағы бір примерно 40 жыл жалғаса берсін", деп бата қайырды. 

"Алжиын деген", "Керек еді біреудің ұйқысы, шашы", "Батаны мыналар мазақ қылғанда, жастар не істемейді. Жетіскен екенбіз", деп жазды оқырмандар.