Ал рестораторлар полицейлердің бұл қылығын басынғандық деп бағалап, прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсірген болатын.
Мейрамхана иелерінің сөзіне сенсек, полиция қызметкерлері мұны кез-келген уақытта кедергісіз кіріп, ақысыз қарын тойдырып кету үшін әдейі ұйымдастырған. Себебі, қаладағы басқа көңіл көтеру орындарында оларға тегін қызмет көрсетілетін көрінеді. Ал ішкі істер департаментіндегілер «полицейлер ол жерге мейрамхана күзетшілерінен таяқ жегендердің арызы бойынша барды» деген еді. Алайда прокуратура тәртіп сақшылары қызметін асыра пайдаланған деп отыр.