Мейрамхана желісінен $5 мың бопсалаған Астана тұрғыны ұсталды

Астана қаласының  ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мейрамханалар жүйесінен ақша босалады деп күдіктелген, 23 жастағы Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлады бейсенбі күні елордалық ІІД баспасөз қызметі.


Таратылған хабарламаға сәйкес, 15 қаңтар күні ЖШС астаналық филиалына ер кісі хабарласып, осы ЖШС Қарағандыдағы мейрамханасында түстенген кезде тағамнан белгісіз зат тауып алып, осы туралы бейнежазбаны ғаламтор арқылы таратып жіберетінін айтып, 5 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалаған. Өз кезегінде мейрамхана иелері полицияға шағым түсірген.
Арнайы шаралар жүргізген тәртіп сақшылары қылмыскерді қаладағы қонақүйлердің бірінде ақша алу кезінде ұстаған.
Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу басқармасы 194 баптың 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.