Мейвезер Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

Олардың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс, деп жазады, sports.kz.

«Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер.

Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы - WBC бойынша  жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО).


«Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», - деді Флойд Мейвезер.