Мейвезер мен Пакьяоның жекпе-жегіне сатылатын VIP-билеттері қанша тұрады?

«Әзірге кездесуге ресми түрде билет сату бастала қойған жоқ, дегенмен осынау бокс тарихындағы аса ерекше де маңызды  оқиға болғалы тұрған жекпе-жекті өз көздерімен көруге  ниеттенгендер  арасында қызу талас-тартыс та басталған сыңайлы. Бұрындары  VIP-билеттері түрлі жұлдыздарға тегін таратылатын. Бірақ бұл жекпе-жекке қаншама атақты жан болғанмен тегін кіре алайды. Ақпаратқа қарағанда,  бір VIP-билеттің құны 65 мың доллар шамасында»,-делінген  хабарламада.

Еске сала кетсек, әлемдегі рейтингі ең жоғары екі боксшының арасындағы жекпе-жек 2 мамырда MGM Grand-та өтеді, деп жазады Vesti.kz.