Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның айтуынша, күйеу баласы Сұлтан марқұм Наурыздың банктік қосымшаларының құпия кодын қорқытып сұрап алған болуы мүмкін.
«Ал, марқұм ағамыз Мақсот Қарабалин мен жеңгеміз Нәсіп Өтешқалиеваның карталарының жанында құпия сөздері жазылып тұрған болуы мүмкін. Себебі, олар үлкен кісілер. Ал, аға-жеңгемнің қыздары Мейрамгүл өте жуас. Ол картадан ақша алуды, құпия код дегендерді білмейді», - деді Қарабалиндердің туысы Асила Мұқанғалиева сот отырысынан кейін ATPress-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Атырауда Мақсот Қарабалин мен әйелі Нәсіп Өтешқалиева, қызы Мейрамгүл мен ұлы Наурыздың өліміне қатыста сот отырысы өтіп жатыр. Естеріңізде болса, полиция бүтін бір отбасының өліміне қатысты олардың күйеу балаларын күдікті ретінде танып, тұтқындаған еді.