Мекке қаласына таяу жердегі Мина аңғарында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы елшілігінің мәліметтері бойынша, 1 ақпанда таңғы сағат 9-да Мекке қаласы маңындағы Мина тауы етегінде шайтандарға тас ату жоралғысын жүзеге асыру барысында жиналған жамағаттың бір-бірін басып-жаншуы салдарынан 244 адам қаза тауып, 244-і ауруханаларға түскен.

Қаза тапқандардың 36-сы Палестина, 30 - Түркия және 3-і - Сауд Арабиясы азаматтары. Сондай-ақ басқа қаза болғандар арасында Азиялық ұлттардың өкілдері көптеп кездеседі. Олардың есімдері анықталуда.
Елшілік ақпартына сәйкес, Қазақстаннан ұйымдасқан түрде , яғни "Спутник" туристік фирмасы арқылы қажылық сапарға келгендер арасында, сондай-ақ, Король Фахдтың қонақтары, қазақ іскер топтарының өкілдері арасында зардап шеккендер жоқ.