Меккеде екі миллионға жуық мұсылман қажылық парызын өтеп жатыр

Сауда Арабиясы билігінің хабарлауынша, биыл 600 мыңға жуық арабиялықтан басқа шетелден 1,4 млн мұсылман қажылық парызын өтеп жатыр.

Биылғы жылы Эбола індеті өршіп тұрған Сьерра-Леоне, Либерия мен Гвинеялықтардың қажылыққа баруына тыйым салынды.

Бейсенбі күні қажыға барушылар шайтанға тас лақтыру рәсімін атқару үшін Мина алқабындағы шатырлар қалашығына аттанды.