Бұл туралы ол сот отырысы кезінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Түркияға қашуды шештім. Қашу емес, Құдайдан кешірім сұрағым келді. Істеген нәрсемді түсіндім, шектен шықтым. Отбасымды тастап, соларға тастауым керек еді деген де ойда болдым. Басқа ешқандай мақсатым болмады, тек Құдайдан кешірім сұрағым келді. Түркия арқылы Меккеге бардым. Он күнде сол жерде жалғыз болдым, сол кезде өзіме қол салғым келді. Қылмысымды Құдай түсінбесе басқа ешкім түсінбейді. Мен жайдан жай жасаған жоқпын, осыған өздері алып келді. Иә, мен қатыгездік жасадым, бірақ олардың да кінәсі бар. Оларды жазықсыздан жазықсыз өлтірген жоқпын деген ой келді”, - деді Сәрсемәлиев.
Сондай-ақ, ол әйелінің бауыры Наурыздың телефонында оның қайын атасы Мақсот Қарабалинмен сөйлескен аудиожазбасы сақталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жазба кейін қаза тапқандармен арадағы жанжалдың туындауына себептердің бірі болуы мүмкін.
Сәрсемәлиевтің сөзінше, аудиода әкесі мен ұлы оны күш қолданып жазалау жоспарын талқылаған. Айыпталушының айтуынша, туыстары балалардың көзінше ештеңе істемеуге және Ақбаянның жағдайы жақсарғанша күтуді ұйғарған.