Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМДБ мәліметінше, Меккеге қажылық парызын өтеуге барған бір адам жол апатына ұшыраған. Ол дер кезінде ауруханаға жеткізіліпті.
Белгілі болғандай, ер адамның бас миы зақымдалып, денесі жарақаттанған. Ем тағайындалды.
Биылғы жылы 3 200 қазақстандық бөлінген квота бойынша қажылыққа аттанған. Хабарланғандай, олар 23 тамызға дейін елге қайтып келеді.