Меккенің бас мешітіндегі намаз енді 2 шетел тіліне аударылатын болды

Араб тілін меңгермеген мұсылмандар құлаққалқаны арқылы намазды аталған шет тілдерінің бірінде тыңдай алады, деп хабарлады «Әл-Жазира» арнасы

Имам уағыздарын өзге тілде тыңдаймын дегендер жұма намазының алдында құлаққалқанды (наушники) ала алады.    Аударма қысқа толқынды диапазон жиілігінде беріледі. 


Жұма намазы уақытында Меккедегі исламның Әл-Масджид әл-Харам мешітіне миллионға жуық адам жиналады. Олар Алла үйінің ішіне ғана емес, сонымен қатар оның балконы, тіпті шатырына да жайғасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.