Мексика түрмесіндегі бүлік: 49 адам ажал құшты


Қазір 40 адамның кім екені анықталды. Бұдан бұрын Хайме штатының губернаторы Родригес Кальдерон 52 адам қаза тапқаны жайлы айтқан. 12 адам жарақаттанды, кейбіреулерінің жағдайы ауыр.

Соңғы жылдарда Мексика түрмелеріндегі  ең қатігезі болған бұл бүлік бір-біріне қарсы топтар арасындағы жанжалдардан туындаған. Олардың бірін "Гольфо" наркокартелінің мүшесі, екіншісін "Лос-Сетас" наркокартель өкілдері басқарады. Өзара қақтығыс 40 минутқа созылды, шамамен 1,5 сағаттан кейін билік жағдайды қолға алды, деп хабарлайды ТАСС.