Мексикада 100-ден астам адам су тасқынынан қаза тапты


Табиғи апатқа «Мануэль» және «Ингрид» дауылдарының салдарынан болған нөсер жаңбыр себеп болып отыр. Жалпы үлкен су 24 штаттың аумағын шайып, 22 мың үй мен 4 көпірді қиратты және 32 жол бүлінген. Бұл аймақтардан билік 60 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.