Мексикада есірткі сатушылар тобы 15 полицейді атып кетті


Бұл - бір айда полицейлерге қарсы жасалған екінші қанды шабуыл.
Халиско штаты ІІБ хабарлауынша, полицейлер Пуэрто-Вальярта қаласы маңындағы курортты аймағында өлтірілген. 
Тағы 5 полицей қарулы шабуыл кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілді. 
Болжам бойынша, полицейлерге Халиско штатындағы есірткі айналымын өз бақылауында ұстайтын «Халиско - жаңа ұрпақ» картелі шабуыл жасаған.