Мексикада калориясы жоғары сусындар мен тамақтарды жарнамалауға шектеу қойылмақ

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, елде күн сайын сағат 2:30-дан 21:30-ға дейін, ал демалыс күндері 7:00-ден 19:30-ға дейін тәтті газдалған сусындар, тіске басар мен өзге де калориялы жоғары тағамдарды жарнамалауға тыйым салынбақ. Аталған өнімдер кинотеатрларда да жарнамаланбауы тиіс.

Ресми деректерге сүйенсек, Мексикада ересектердің 70 пайызы, балалардың 30 пайызы семіздік зардабын шегіп отыр.


Сондай-ақ, Мексика тәтті сусындарды пайдалану жағынан әлемде алғашқы орында келеді. Бұл мемлекеттің әрбір тұрғыны 163 литр гадалған сусын ішеді екен.