Мексикада мыңдаған адамның қатысуымен наразылық шеруі өтті


Акцияға қатысушылар тергеудің студенттерді жемқор полицейлер ұрлап, қылмыскерлердің қолына берді деген болжамдарын жоққа шығарды. 

Игуала қаласында студенттер өткен жылдың қыркүйек айының соңында білім реформасына наразылық білдірген соң жоғалған. Биліктің пайымынша, студенттер өлтіріліп, олардың мәйіттерін күйдіріп, Сан-Хуан өзеніне тастаған.