Мексикада студенттер полициямен қақтығысты


Ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас атып, жарылғыш құйылған бөтелкелер лақтырған. Тәртіп бұзды деген айыппен бірнеше адам тұтқындалды. Шеруге қатысу үшін елдің әр аймағынан жүздеген адам жиналыпты. Мексикада наразылық шаралары бір аптадан бері жалғасуда. Жұрт Игуаль қаласында ереуілге шығып, соңынан хабарсыз кеткен студенттердің жайына көпшілік алаңдаулы. Жастарды өлтіріп тастады деген де күдік бар.