Мексикада жаңа тағайындалған қала басшысын атып кетті

Темиско қаласының мэрі Гисела Мота қызметіне кіріскен күннің ертеңінде белгісіз біреулердің қолынан өз пәтерінде қаза тапты. Оның пәтеріне қаруланған 4 ер адам кіріп, саясаткерді атып кеткен.

БАҚ өкілдері оқиғаға қатысты жергілікті қылмыстық топтың жаңа басшының келуіне қарсылығы болуы мүмкін деген нұсқа ұсынады. Қылмыстық істің мән жайы анықталуда.