Мексикадағы автобус апатында 10 адам тірідей өртеніп кетті

Апат Вильяэрмоса мен Сьюдад-дель-Кармен қалаларының арасында орын алған. Қақтығыс салдарынан автобус екіге бөлініп, цистернадағы жанармай тұтанған. Адамдар жалын ішінде мерт болды. Тағы 20-ға жуық адам жарақаттанып, денелерін күйік шалған.


Алдын ала ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісінің рульде қалғып кетуі себеп болған.