Мексикалық боксшы қатты соққыдан жан тапсырды


26 жастағы спортшы 19 қазан күні өзінің отандасы Рауль Хиралеспен өткен кездесуде басына қатты жарақат алған болатын. Боксшыны рингтен зембілге салып алып кеткен. Жағдайы мүшкіл ол дереу ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыт өткеннен кейін ол комаға түсіп, қайтып есін жимады, деп хабарлады «Газета. Ru».