Мексикалықтар Рим Папасына өкпелі

Мексика Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, понтифик отандасы аргентиналық саясаткерге хат жолдап, еліндегі нашақорлықтың өршіп бара жатқанына алаңдауышылық танытқан. Рим папасы Аргентинадағы есірткі саудасын Мексикамен байланыстырып, «елімнің «мексикалануынан» қорқамын деген.

Алайда, Ватикан Францисктің сөзін растаудан да, жоққа шығарудан да бас тартып отыр.


Мексиканың Сыртқы істер министрі Хосе Антонио Мид Рим папасы осы сөзімен Мексика атына кір келтірді деп мәлімдеді.