Мектеп бітіруші қыздардың соңғы қоңырауға киіп барған киімдері жұртты шошытты

Онда бітіруші қыздардың түгел орамалды бүркемелеп тағып алғаны байқалады, деп хабарлады Caravan.kz. Мұның үстіне олардың бәрі басын төмен салып тұр. Көпшілік бұған «мектеп оқушыларының мұнысы несі?» деп наразылық білдіріп жатыр.

Желі қолданушыларының арасында қыздардың бұлай киінуін қолдайтындар да бар. Солардың бірі: «Қыздар жарап тұр. Өз таңдаулары. Ал қарияларға ашық киінбегені ұнамай тұр ма?» деп жазыпты.

Енді біреулер бұл білім ошағының тәжік мектебі (біздің елдегі) екенін айтуда.