Мектеп бiтiрушiлер кешiне қатысқысы келмейтiндердi ешкiм қинамайды — министр

Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды. 

Министр ОКҚ брифингi барысында ведомствоға жиi қойылатын бiрқатар сұраққа жауап бердi.

«Жиi көтерiлетiн сұрақтың бiрi - мектеп бiтiрушiлер кешiн өткiзу үшiн мектептер көп ақша жинайды. Министрлiк тарапынан осыны бақылауға және iс шараны өткiзу форматын ұсынуға бола ма? Осыған жауап берсек, бiздiң өзiмiздiң арнайы осы кештi өткiзетiн концепцияларымыз жоқ. Ол - жыл сайын өткiзiлетiн ресми мереке. Мектептер өзi қалай өткiзетiнiн жақсы бiледi. Өткiземiз десе, мектеп әкiмшiлiгi, бақылау кеңесi мен ата-аналар кеңесi барлығы жиналып, шешiм қабылдайды. Ата-аналар «бармаймын, ақша жинамаймын, бермеймiн» десе, олардың әрқашан да ресми бөлiгiне, яғни аттестат тапсыру салтанатына қатысып, әрi қарай ешқайда бармай, үйге қайтып кетуiне болады. Оларды ешкiм қинамайды», - дедi Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.

Оқи отырыңыз:

Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады

Астанада санитарлық талаптар бұзылған 8 мектептің директоры жазаланады