Мектеп директорлары Дариға Назарбаеваға мұңын шақты


Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

-Электротехниктерді дайындап жатырмыз, автоматтандырылған стансаларда жұмыс істейтін мамандарды дайындап жатырмыз. Енді менің сұрайтыным олар ертең қай жерде жұмыс істейді? Олардың айлығы қандай болады? Бізде  өндіріс бар ма олардың мамандығын қолдау үшін? Сондай сұрақтар туындап жатыр.

Мәжіліс депутаты болашақ мамандардың жалақысына да алаңдаулы. Өйткені, оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастырып бас қатырып жатпайды. Салдарынан, өндіріс пен ғылымға араласуы тиіс жастар арзанқол жұмыс күшіне айналған. Кадр тапшылығына біржола нүкте қою керек деген депутат студенттердің өзімен кездесуді жөн көріпті. Жағдайларын сұрай келген халық қалаулысына Алматының мектеп директорлары да «әттеген-айларын» үйіп төкті. Мемлекеттік сатып-алулардан әбден мезі болдық деген басшылар Дариға Назарбаевадан ұзын-сонар қаржылық тексерістерден  құтқаруды өтінді.