Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп директорына облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкеріне пара берді деп күдік тағылды.
«Сайрам ауданының «Аққала» орта мектебінің басшысы қаржы полициясына тексеру материалы бойынша оң шешім шығару үшін 500 мың теңге ұсынған», - деп қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
26 тамызда мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалып, айыптау тұжырымымен сотқа жіберілген.
Оған ешқайда кетпеу туралы қолхат тапсырылды.