Мектеп оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады

«20 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қызылжар стансасындағы үйдің ауласындағы сарайдан 14 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Оқушы жіппен асылып, өз өмірін өзі қиған», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. «Жасөспірімнің осындай қадамға не себепті барғаны анықталуда», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.