2020 жылы экс-депутатқа 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсті, тіпті зорлады деген айып тағылды. Кейіннен оның тұтқындалғаны белгілі болды.
Алайда, сот отырысында Аркадий Ниді ақтау үкімі шығарылған. Сот-медициналық сараптама сексуалдық қылмыстарға тән объективті мәліметтерді анықтамағаны мәлім болды. Аркадий Ни жаланың құрбаны болған. Қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкерден ақша бопсалау мақсатында хабарласып, оны ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған. Оның үстіне әйел өз қызын депутат зорлады, қысым көрсетті деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта қыз өзін зорлағанын айтқан.
Нәтижесінде депутат пен оған қатысы бар деп айыпталған әйел толығымен ақталды. Ақталған әйел заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін 3 миллион теңге өндіруді талап етті. Сот оған 2 миллион теңге өтемақы тағайындады.
Ал анасы қызын қылмысқа азғырып, жалған мәлімдеме жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.