«27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық ІІБ Чапаевка селосының тұрғыны келіп, 17 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Ол 25 мамырда сыныптастарымен бірге Буденное ауылының маңында мектеп бітіргенін тойлаған және осы ауылдағы танысында түнеп шықпақ болған. Алайда танысы үйінде болмай шықты», - делінген хабарламада.
Сағат 23-тер шамасында жоғалған түлек ұялы телефон арқылы туыстарына хабарласып, Чапаевка ауылындағы өзінің үйіне түнеуге келетініне сөз берген. Осыдан кейін оны ешкім көрмеді.
Аталған факті бойынша іздеу жарияланды. Жоғалған 17 жастағы Владислав Виниченко СҚО Жамбыл ауданындағы Чапаевка ауылында ата-анасымен бірге тұрады. Сипаты: бойы 165-170 сантиметр, шашы ақшыл сары, көзі қоңыр. Үстіне «Adidas» жазуы бар сұр күрте, қара спорттық бас киім, шалбар, қара кроссовка киген. Өзінде «Nokia X2» маркілі ұялы телефоны болу керек.
«Аталған факті бойынша кез келген ақпаратты жақын жердегі полиция бөліміне хабарлауды немесе 102, 39-40-07, 39-41-78 нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті СҚО ІІД криминалдық полция басқармасының бастығы Мыңбай Асылбеков.