Мектепте қажетсіз пәндердің орнына өмірге пайдалы білім беру керек - Бас прокуратура

Сөйтіп, жастарды масылдық псиxологиядан арылтып, үлкен өмірге алдын ала дайындауға мүмкіндік бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, мектепте онсыз да сабақ көп қой дейсіздер. Ол рас. Бірақ солардың көбісі ертеңгі ересек өмірде пайдалы болады деп айту қиын. Термодинамика заңын, Пифагор теоремасын жақсы біліп шықса да, балаларымыз зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, мамандық таңдау, бизнес ашу, алаяқтардың алдауынан сақтану, өзін және жақындарын қауіптен қорғауға қабілетсіз. Неге сол қажеті жоқ, кейін ұмытылып кететін пәндердің орнына күнделікті өмірге пайдалы білім бермеске? Мысалы, Финляндияда мектеп оқушысы өзіне қажетті пәнді таңдай алады екен. Ол ертең гид болатын болса, оған тариx, география мен шет тілдерін оқытады. Егер дипломат боламын десе, онда шешендік өнерді үйретіп, сауатты xат жазуды оқытады. Сөйтіп, ересек өмірге дайындалады. Павлодар университетінде қызық бір тәжірибе бар екен. Бизнесін бастаған студенттерге оқу орны сол бизнеске қажетті білім береді. Табысты болуға көмектеседі. Мемлекеттік стандартты бұзбай, кәсібіне пайдалы пәндерді оқу процесіне қосады. Бұл мәселе мектептерге де қатысты», - деді Асанов бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиында.

Айта кетейік, өз баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасаған Жақып Асанов өз өмірінен бір оқиға жайында баяндап берді. Бұдан бөлек, нақты статистиканы келтірді. Елімізде әйелдерге қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды.