Мектептен қайтып келе жатқан оқушы инсульттан қаза болды

Ақтауда тоғызыншы сыныптың оқушысы қаза болды.


           Өткен сейсенбіде сабақтан қайтып келе жатқан кезде бала аяқ асты көшеде құлап есін жоғалтқан, деп хабарлады сәрсенбіде  мектеп директоры Нины Савченко.
           Бірге болған сыныптастарының айтуынша, "жедел жәрдем" жылдам келгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
           Журналистерге облыстық аурухана директорының орынбасары Берік Кауновтың айтуынша, бала миына қан құйылғаннан қаза болған. "Бала күні бойы басым қатты ауырып тұр деп айтыпты", деді дәрігер.
           Б.Кауновтың айтуынша, миға қанның құйылуына оның шаршағаны, жүктеменің тым қатты болғандығы әсер еткен болуы керек.