Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді", - деп мәлімдеді Аймағамбетов аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет.


"Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу маңызды", - деді министр.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов енді ағылшын тілі 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқытылатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс биыл бірінші қыркүйектен бастап енгізіледі деген жоспар бар.