"Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекет басшысының қатысуымен республика мектептерінде интерактивті сабақ өтеді...Он-лайн режимінде интерактивті сабақтар өткізу тәжірибесі одан әрі де жалғасын табады. Келешекте оларға жетекші ғалымдарды, танымал жаңашыл мұғалімдерді қатыстыру жоспарланған", - деп мәлімдеді Ж. Түймебаев.
Оның айтуынша, оқытуға деген мұндай көзқарастар "орта білім беру саласын сапалық жаңа деңгейге көтеруге, ал бұл өз кезегінде мамандардың біліктілігіне оң әсерін тигізбек".
Министр бұған қоса президенттің қатысуымен интерактивті сабақтар өткізу үшін мың мектепте "әмбебап интерактивті он-лайн сыныптар ашылғанын, оларда интерактивті тақта, проектор, компьютер, кең жолақты жоғары жылдамдықты Интернет, ADSL-модемнен құралған кешендер жабдықталғанын" атап өтті. Бұған қоса "Астанада 2, облыс орталықтарында 32 бас серверлер қосымша орнатылғанын " хабарлады.