Президент орта білім жүйесіндегі өткір мәселелердің бірі мектептердегі орын тапшылығы екенін атап өтті.
"Қазір тапшылық 225 мың орынды құрайды. Егер шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай тапшылық 1 миллион орынға жетуі мүмкін", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.
Мемлекет басшысы бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін ең кемі 800 мектеп салуды тапсырғанын еске салды.
"Ал бүгін мен бұл санды 1 000 мектепке жеткізуді тапсырамын", - деді ол.
Тоқаев мектеп құрылысына жекеменшік секторды да тарту қажет екенін айтты.