Мектептерде тегін тамақ беру тоқтатылмайды – Аслан Сәрінжіпов


деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
"Мұнда қандай да бір елеулі өзгерістер болмайды, яғни әлеуметтік топтардың балалары бұрынғысынша тегін тамақтанады”, деді ол Астанада бейсенбіде журналистерге.
Оның айтуынша, бүгінгі күнде оқушылардың 30% жергілікті бюджеттің есебінен тегін тамақтанады. Әлеуметтік топтар тамақпен түгелдей қамтылған. Кейбір аймақтарда жергілікті бюджет есебінен әкімшіліктер бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.