Мектептерде жаңа пән енгізіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

"Мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізу керек", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Президенттің сөздерін Ақорда баспасөз қызметі келтірді.

Елді мекендердің айналасындағы табиғи қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілген жоқ, - деді Президент.

"Бір жолғы рейдтер жүргізу, айыппұл салудың әсері аздық етеді. Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет. Үкімет Waste to energy (қалдықтарды энергетикалық тұрғыдан кәдеге жарату) технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуі қажет ",- деп тапсырды Тоқаев.


Президент өзектілігі артып бара жатқан экология мәселесімен айналысуды тапсырды.

"Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығады. Олардың ел бойынша қайта өңдеу үлесі тек 15 пайыз. Бұл жеткіліксіз", - деді Тоқаев.