Мектептерді 12 жылдық жүйеге көшіруге дайындық жұмыстары баяу жүріп жатыр

Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық өте баяу жүріп жатыр. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай деп мәлімдеді.


           «Орта білім берудегі ең басты мәселе – 12 жылдық жүйеге көшу. Бұл жерде материалдық-техникалық базаны дамыту өте маңызды рөл атқарады», - деді ол жұма күні білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында.
           Осы орайда ол үш ауысыммен оқитын және құлау алдында тұрған мектептерді жою қажеттігін атап өтті.
           «Бірақ, жұмыс баяу жүріп жатыр, көп ойланамыз. Еліміздегі мектептерде оқушыларға 73 мың 500 орын жетпейді, жергілікті атқару орындары осыған назар аударса деймін», - деді министр.
           Ол әр мектепте кешенді сараптама жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, пән және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етілмеген мектептерді азайту қажет, деді Б.Жұмағұлов.