Мектептің ауласында алкогольді комада жатқан 13 жасар қыз ауруханаға жеткізілді

Жетінші сыныптың оқушысы өткен сейсенбіде мектеп ауласынан қатты мас күйінде табылған, деп хабарлады сәрсенбіде облыстық "Жедел медициналық жәрдем" орталығынан.

"Дәрігерлер оған "алкогольді кома" деген диагноз қойды. Ол шамадан тыс көп алкоголь ішкен", деді медорталықтан.