«Меломен» тобы Монғолияға гастрольдік сапарға шықпақшы

Қазақ эстрадасындағы танымал топтардың бірі «Меломен» тобы Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы турнесін Алтай принтинг команиясы мен Баян-Өлгий аймағының Студенттер одағы ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушы топтың хабарлауынша, «Меломен» тобы концерттік бағдарламасы бойынша наурыздың 16 күні Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласының UB PALACE концерт залында өнер көрсетіп, ал 17, 18 күндері Баян-Өлгий аймағында концерт береді.