Мемлекет әлеуметтік проблемаларды шешуге белсене атсалысушы бизнес-құрылымдарға кең көлемді ақпараттық қолдау көрсетуге уәде береді - Ертісбаев

"Мәдениет және ақпарат министрі ретінде мен әлеуметтік проблемаларға тұрақты негізде назар аударатын отандық бизнестің өкілдеріне мемлекет тарапынан кең көлемді ақпараттық қолдау көрсетіледі", - деді министр. "Бұл жалпыұлттық саясатқа жауап береді және мемлекеттің біздің алдымызға қойған стратегиялық мақсат", - деді ол.

Мәдениет министрі кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге және бейресми ұйымдармен етене жақын ынтымақтасуға шақырды. "Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігіне тікелей қолдау көрсетуге дайын кәсіпкерлерді мен білемін, бірақ олар ең тиімді тетігі - бейресми ұйымдар арқылы қолдау көрсету екенін біле бермейді", - деді Е. Ертісбаев. "Бұл айқын атаулы көмек болмақ. Ықпалдастықтың бұл схемасын, меніңше, бизнес-құрылымдар алып пайдалана алады", - деді ол. Тұтастай алғанда, Е. Ертісбаевтың айтуынша, "бизнес-құрылымдар бейресми ұйымдардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға және қолдауға жеткілікті дәрежеде атсалыса алмай отыр".

Министр осы орайда "кейінгі жылдары билік пен бейресми ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық жүйесін құруда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді", деп атап өтті. Ол ағымдағы жылы мемлекеттің бейресми ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыруға 800 млн теңге бөлгенін еске салды. "Яғни, біз мемлекет басшысының халыққа арналған жолдауында айтылған санға тақып қалдық: ол 2010 жылға дейін қаржылық қолдау көлемін 1 млрд теңгеге дейін арттыруды атап көрсеткен", - деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті