Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.


Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.