Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары республикалық бюджеттің шығыс бөлігін 25909 млн теңгеге, соның ішінде бюджет тапшылығын 0,1 %-ға өсіру есебінен ұлғайтуды ұсынған. Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулардан кейін республикалық бюджеттің түсімдері 2694732,3 млн теңге, шығындары 2905236,2 млн теңге, тапшылығы - 210503,9 млн теңге немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,4% болмақ".
Бұрын хабарлағанымыздай, үкіметтің парламентке ұсынған бастапқы үлгісінде бюджеттің мынадай параметрлерін бекіту ұсынылды: заңға сәйкес, 2008 жылы республикалық бюджет түсімдері 2 трлн 692,1 млрд теңге ( болжамдық Жалпы ішкі өнімге шаққанда 17,7%), жалпы шығындар 2 трлн 889,7 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9%), бюджет тапшылығы - 197,6 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3%).
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті