Мемлекет басшысы 29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында ресми сапармен Иорданияға барады

"29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында президент Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет ресми сапармен Иорданияға барады. Ал осы жолғы сапар біздің ықпалдастығымызды бекіте түсуге мықты негіз қалайды",- деді Д.Ахметов.

Ол сонымен қатар Иордания үкімет басшысының сапары аясында бүгін Елордасында екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілетіндігін хабарлады. Қазақстан мен Иорданияның сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті