"Конституцияның кепілі ретінде мен алдағы сайлаудың еркін әрі әділетті өтуі үшін барынша күш салатын боламын", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс сьезінде.
"Ашық әрі әділетті сайлауда біздің партия халықтың басым бөлігінің дауысына ие болады деп сенемін. Біз өзіміздің елімізді гүлденуге жетелейтін шешуші күш екенімізді дәлелдейміз. Қазақстандықтар өз дауысын сөзі мен ісі алшақ кетпейтін партияға беретініне сенімім кәміл. Ондай партия - "Нұр Отан" екені сөзсіз, - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті