Мемлекет басшысы алдағы үш жылға арналған бюджетаралық ресми трансферттердің көлемі туралы заңға қол қойды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңға сәйкес, облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалық бюджеттерден республикалық бюджетке аударылатын бюджеттік аударымдардың жалпы көлемі 2005 жылы 95,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 119,5 млрд. теңге және 2007 жылы - 151,5 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті бюджет кірістерінің жалпы болжамдық көлемі 2005 жылы - 393,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 452,6 млрд. теңге, 2007 жылы - 536,1 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге жіберілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 2005 жылы 133,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 163,1 млрд. теңге, 2007 жылы - 192,8 млрд. теңгеге жетеді. Жергілікті бюджет шығыстарының жалпы болжамдық көлемі 2005 жылы - 431,0 млрд. теңге, 2006 жылы - 486,2 млрд. теңге, 2007 жылы - 577,4 млрд. теңге болмақ.

Жекелеген шығыстарды республикалық бюджетке беруге байланысты жергілікті бюджеттің ағымдағы шығыстар базасы 22,7 млрд. теңгеге азаяды.
Заң мәтіні ресми баспасөзде жарияланды.