Мемлекет басшысы Астана күніне орай реконстукцияланған орталық мешітте болды

Мешіт Астананың мерейтойына орай Маңғыстау облыстық әкімдігі бөлген қаражатқа жаңартылды. Атап айтсақ, мешіттің өң беті мен дұға оқу залдары жаңаланды.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев Маңғыстау облысының хас шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік бұйымдардың көрмесін тамашалады.

Осы жерде президент Қазақстан флотының офицерлері - Астананың 10 жылдығы мерейтойы кезінде дипломдарын алған Ақтаудағы әскери-теңіз институтының таңдаулы түлектерімен жүздесті.