"Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба. Көпір қаланың екі бөлігін жалғастырады. Бұл Атыраудың дамып, экономиканың нығайып келе жатқанының көрінісі", - деді Н. Назарбаев.
Анықтама материалдарында көрсетілгендей, аталмыш көпірдің өткізу қабілеті тәулігіне 35 мың автокөлікті құрайды. Көпірдің ұзындығы 484,4 метрге, ал ені - 23,97 метрге тең. Жаңа автокөлік көпірі төрт жолақты және жаяу жүргіншілерге арналған бөліктің ені 2,25 метрді құрайды.