Кездесу барысында өткен жылғы Қазақстанның аграрлық секторы қызметінің қорытындылары талқыланды.
"Мен президентті әлемдік азық-түлік нарығында қалыптасқан жағдайларға байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің үстіміздегі жылғы міндеттері жөнінде хабардар еттім", - деді А.Есімов журналистерге арналған брифингте.