Мемлекет басшысы А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищені мерейтойымен құттықтады

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, мәдениет қайраткерлері, қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оқу орнының мерейтойына байланысты жолдаған құттықтауын оқыды.

«Қазақстандық балет мектебінің тарихы аса бай. Ел сіздердің барлық тәрбиленушілеріңізді мақтан тұтады. Олардың көпшілігі беделді халықаралық балет конкурстарының лауреаттары мен дипломаттары атанды. Сіздердің тәрбиленушілеріңіздің жетістіктері - бұл беделді хореографиялық шеберлік мектебінің барлық кезеңдегі педагогикалық ұжымының ерен еңбегінің арқасы», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде.

Оқу орнының өнерпаздары өз шеберліктерін сахна төрінде паш етті. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың музыкалары бойынша заманауи хореография мен классикалық балеттен қойылымдар қойылды.

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі - Тәуелсіз Қазақстандағы бұрыннан келе жатқан оқу орындарының бірі. Кәсіби балет мектебінің жұмысы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының қызметімен тығыз байланысты. Сондай-ақ бұл училищенің ел өнері мен мәдениетін дамытып, жетілдірудегі маңызы зор.