Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Әзербайжанды одан әрі жан-жақты дамытуға және гүлдендіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірген.
- Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады, - деп атап өткен Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті соңында И.Әлиевке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.